ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН ӘЙЕЛ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

13:31, 13 қаңтар 2021

Павлодар облысында 11 қаңтар күні жол-көлік апаттары көбейді. Оқыс оқиға салдарынан бір адам көз жұмған. Төрт адам аурухана жеткізілді.

Павлодар - Қызылорда автожолының 117 шақырымында орын алған жол-көлік апатынан «Хонда» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.  Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

11 қаңтар, сағат түскі 12:30 уақытта «Хонда» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қар жамылғысына  кіріп кеткен сәтте бөліп тұратын соққышқа соқтығысқан. Бұдан кейін өзінің қозғалыс траекториясын өзгертіп, жол бойында қар тазалап жатқан «Foton» автокөлігіне  соғылған. Автокөліктер айып тұрағына қойылып, аталмыш фактіге қатысты тергеу басталды.

 

АҚСУ-ПАВЛОДАР БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДА КӨЛІК АПАТЫНАН ТӨРТ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Ақсу-Павлодар бағытындағы жолда екі көлік соқтығысқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Ленин – Курчатов автожолының 17 шақырымында орын алған. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Кешегі жағдай бойынша 1992 жылғы ер азамат, 1994 жылғы, 1952 жылғы, 1975 жылғы әйел азаматтар Ақсу қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді. Бас миының шайқалуына, мұрнының сынуына байланысты, одан басқа да жарақаттардың алуына байланысты бірінші медициналық көмек көрсетілді. Амбулаторлық түрде емделуге жіберілген болатын.

Апатқа Hyundai автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі кінәлі болып шықты. Ол басты жолға шығып, ВАЗ 2115 автокөлігімен соқтығысқан. Аталған факті бойынша Hyundai жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

ПАВЛОДАРДА ҮШ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП ҚАЛДЫ

11 қаңтар, сағат түскі 12.30 шамасында Академик Бектұров – Кривенко көшелерінің қиылысында үш автокөлік соқтығысқан. Аталған факті бойынша «Тойота» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 

ЖОЛ ҮСТІНДЕ АСФАЛЬТ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

Сондай-ақ, кеше әлеуметтік желіде Марғұлан көшесінде жолдың үстінде асфальт опырылып, автокөліктің бір дөңгелегі кіріп кеткені түсірілген фото пайда болды. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ таратқан мәлімет бойынша Марғұлан көшесіндегі жағдай 9 қаңтар күні болған апат салдарынан орын алған көрінеді. Абаттандыру жұмыстары ауа райы қолайлы болған кезде жүргізілетін болады.



Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...