ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН 1 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

19:28, 19 ақпан 2021

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Жол көлік оқиғасынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша оқыс оқиға кеше сағат 15:00-де Омбы - Майқапшағай автожолында болған. «Лада-гранта» және «Ауди-100» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Лада көлігін тізгіндеген жүргізуші оқиға орынында қаза тапты.  

 

Жанар Белялова, ПД ресми өкілі:

Қақтығыс салдарынан «Лада» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі көлікте болған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Осы іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жол аптынан жарақат алған 4 әйел және 1 ер адам нөмірі 1 қалалық  аурухынаға жеткізілгенін хабарлады. Айтуларынша, 35 жастағы әйел адамға шұғыл түрде ота жасалған. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр. 2 азаматқа амбулаториялық емдеу тағайындалды. Түрлі дене жарақатын алған өзге адамдар осы ауруханада ем қабылдауда.

 

Гаухар Мұса

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...