ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жантүршігерлік оқиға

12:16, 14 шілде 2021

Ақсу қаласында 35 жастағы әйел мен оның кішкентай екі қызын жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды. Сол күні марқұмның көршілері ешқандай шуды естімегендерін айтады. Жантүршігерлік оқиға жайлы Аяулым Рахымжанова толығырақ.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Аяусыз қатыгездік. Ақсуда жаға ұстатарлық қандық қылмыс дәл осы пәтерде болды. 11 шілде күні түнгі 3:00 тер шамасында күдікті 35 жастағы әйел мен 7 және бес жастағы қыздарды пышақтап кеткен. Олардың денелері осы пәтерде бір тәуліктен аса уақыт жатып қалған.

35 жастағы Зухра екі қызын жалғыз өзі асырап келген. Үлкені - Гүлдана биыл бірінші сыныпқа баруы керек болған. Кішісі - Раяна балабақшада еді. Қылмыс болған үйдің тұрғындары бұл жағдайға әлі сене алар емес. Зухраның үйінен ешқандай ер адамды көрмегендерін айтады. Отбасы тату, тәрбиесі түзу болған деп еске алады.

Виктория Вольф, Ақсу қаласының тұрғыны:

Балалары жап-жақсы болатын. Киімдері таза, тоқ.  Жақында марқұм пәтер сатып алды. Өзінің сауда нүктесі бар. Үнемі жұмыста болатын. Жүгіріп жүретін. Балаларын анасы қарайтын. Кеше анасымен сөйлескен кезде, екі күнге басқа қызына ауылға кетіп қалғанын айтты. Сол кезде осындай жағдай болған.

Мәйіттерді марқұм әйелдің әкесі үйіне келіп, есікті өз кілтімен ашқан кезде көрген. Дереу полицияға хабарласыпты. Құзырлы органдар  отбасын жауыздықпен өлтірген 36 жастағы ер адамды қамауға алды.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Іс-шараларды өткізу кезінде күдікті анықталып, ұсталынды. Ол 36 жастағы ер жігіт. Бұрын жәбірленушімен таныс болған. Тергеу өткізу кезінде анықталған оқиға: 11 шілде күні сағат 3:00-те бір-бірімен жанжалдасып, ұрысып, сол кезде ол пышақтап өлтірген. Айғайшуға балалар оянып кетіп, оларды да пышақтап кеткен. Қазір пышақ, басқа да қылмыс дәлелдері бәрі алынды. Күдікті уақыташа ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...