ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ЖАЗАСЫ БАР

10:55, 27 наурыз 2020

Павлодарлық полицейлер жалған ақпарат таратқан адамға іздеу салып жатыр. Белгісіз біреу WhatsApp мессенжерінде «Павлодар қаласы 26-шы наурыздан бастап карантинге жабылады» деген қауесет таратқан.

Ал, тәртіп сақшылар жалған ақпарат таратудың салдары жаза екенін ескертеді.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай кезінде фейк ақпарат таратқан адамдардың үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтады. Осындай деректерді анықтау үшін құқық қорғаушылар күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Ал, Павлодар қаласы карантинге жабылады, деген жалған ақпарат бойынша тергеу басталып, оны таратушы іздестіріліп жатыр.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Осы дерек бойынша біз қылмыстық іс қозғап, қылмыстық кодекстің 274 бабы, 4 тармағына сәйкес тергеу амалдары басталды. Қазір қаланың жұмысы қалыпты режимде. Сонымен қатар, осындай жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіретін тәртіп бұзушылыққа жол беретіндер әкімшілік және қылмыстық тәртіпке сай қудаланады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...