
Баянауыл табиғи ұлттық паркінде орман өртенді. Жалын найзағай отынан тұтанған. Орман алқабының 5,7 гектар аумағы жанды. Орман өрті таулы аймақта болғандықтан өшіру қиынға соқты.
Өрт сөндірушілер түні бойы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқталып, қоламтасы ғана қалды.
Руслан Төлепбаев, Павлодар облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы:
Баянауыл паркінде өрт бақылауға алынды деуге болады. 40 машина мен 100-ден астам адам жұмылдырылған. Өрттің тарауы тоқтатылды. Таудың жоғары жағында болғандықтан локализация әлі жоқ.
Самал Қалиқызы