ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТУЫСТАРЫ ҚАН ҚҰЮДАН БАС ТАРТҚАН НӘРЕСТЕ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

20:12, 12 наурыз 2021

Павлодарда жаңа туған нәресте шетінеп кетті. Медициналық көрсеткіштер бойынша сәбиге шұғыл қан құю керек болған. Бірақ туыстары қан алмастырудан бас тартыпты.

Салмағы 700 грамм шақалақ мерзімінен бұрын туған. Сәби небәрі бір тәулік өмір сүрді. Оған шұғыл қан құю керек болған. Бірақ «Иегова куәгерлері» дініне өтіп кеткен ата-анасы қан алмастыруға қарсы болыпты.

Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

Сәби өте әлжуаз болып туды. Уақыт өткен сайын әлсіреп, жағдайы нашарлай бастады. Гемоглабин түсіп кетті. Осының бәрін біліп отырған анасы қан алмастыруға үзілді кесілді қарсы болды.

Осы уақыт аралығында дәрігерлер ата-ананы көндірмек болады. Бірақ олар «Бала өміріне қауіп төніп тұрса да, өз шешімін өзгертпейтінін» айтып, жазбаша түрде медициналық көмектен бас тартыпты. Басқа амалы қалмаған ақ халаттылар, полицияға жүгініп, консилиум өткізген.

Айман Оспанова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

Мен бала өмірін сақтап қалу үшін медициналық көмек көрсетуім керектігін айттым. Бұл үшін бұйрық бар. Ата-ананы көндіру мүмкін болмады. Дереу консилиум өткіздік. Қан алғыздық. Бірақ қан алмастырып үлгермедік. Сәби қайтыс болды.

Бұл ата-анасы өмір мен өлім арасында жатқан баласына қан құюға тыйым салған алғашқы жағдай емес дейді дәрігерлер. Бұндай жағдайда консилиум жиналады. Жиында процедураны туыстарының келісімінсіз жүргізуге шешім қабылдауы мүмкін.

 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...