ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР: ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАМЫЗ КҮЙІП КЕТТІ

16:46, 25 наурыз 2021

Арнамыздың редакциясына Павлодарское ауылының тұрғындары тұрмыстық техникаларымыз жанып кетті деп шағымданған болатын. Айтуларынша түнде соққан боранның салдарынан ауылдағы электр желілері істен ажыратылған. Ал, қайта іске қосқан бетте токқа жалғанған тұрмыстық техника көп мөлшерде бөлінген электр қуатын көтере алмаса керек. Енді бұл шығындардың орынын кім толтырады,-дейді тұрғындар.

Бұл – Павлодарсое ауылының тұрғыны Татьяна Смоланың үйінде болған оқиға. Кеше таңғы 4-тер шамасында қатты боранның салдарынан ауылдағы жарық өшірілген еді. Ал, қайта қалыпқа келтірілген уақытта осындай жағдай орын алып отыр.

Татьяна Смола, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Ну лично у нас сгорел котел отопление..... гораздо больше ущерб.

Қуанышқа орай, үй иесі электр желілерінен шыққан қызыл жалынды жылдам ауыздықтаған. Бұл тек Татьянаның басына ғана түскен жағдай емес. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Тілектес Ғалиеваның үйіндегі бірнеше тұрмыстық техникасы жанып кеткен.

Тілектес Ғалиева, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Электр желілерінен ақау шықты ғой деймін. Себебі, үйдегі тұрмыстық техникалардың барлығы күйіп кетті. Боран болған соң жарық сөндірілген еді, кейін электр желілері қалыпқа келтірілген соң телефонымды қуаттайын деп қосып едім, тоқтың тұйықталуын байқадым. Бірден электрик шақырдық. Үйдегі жлектр қуаты 415 вольтты көрсетіп тұрды.

Бір қызығы, электр желілері қалыпқа келтірілді. Бірақ, тұрғындар шығынның орынын кім толтырады,-деп отыр. Себебі, ешкім жауапкершілік жүгін арқалағысы келмейді. Біз мәселенің мән-жайын анықтау үшін жергілікті әкімшілікке де бас сұқтық. Оқиғаның орын алғаны рас. Бүлік – электр желілерінен емес, аудандық электр орталығындағы реттегіштен шыққан.

Сырым Рушанов, Павлодарское ауылының әкімі

Бұлардың барлығы павлодар аудандық электр желілерінің қарамағында. Ауыл әкімдігінің балансында емес. Бірақ, орын алып отырған жағдайға электр сымдарының ешқандай қатысы жоқ. Барлық гәп Кешенді трансформаторлы станциядағы массаның жанып кетуінен болған. Яғни, нөлдік реттегіш істен шыққанда электр желілерінің қуаттылығы арта түседі. Енді сіздер бірігіп арыз жазыңыздар, шығынды есептеңіздер. Орталықтағы мамандар мәселені шешу жолдарын қарастырады.

Ауыл тұрғындары бір ауыздан аудандық электр желілері басшысының атына хат жолдады. Алдағы уақытта мәселенің мән жайы анықталып, шығын көлемі есептелетін болады. Айта кету керек, аталмыш оқиғадан 14 отбасы жәбір көріп отыр. Ал, оқиғаның қанағаттанарлық деңгейде аяқталуы біздің арнаның назарында болмақ.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...