ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Тұрғын үйден өрт шықты

22:04, 17 мамыр 2022

Көктем келгелі өңірімізде ондаған дала және орман өрті тіркелген. Елдімекендердегі өрт саны да азаймай тұр. Саяжайлардағы жағдайлар да оңып тұрмағанын айтты төтеншеліктер. Ал, шомылу маусымына биыл тыңғылықты дайындалып жатқандықтарын жеткізді.

Циолковский 12 бөлшек 1 мекенжайындағы екі қабатты үй өртеніп, бір пәтер толықтай жанып кетті. 7 адам жеңіл жарақат алған. Өрт шықққан үйдің екінші қабатында Алёна Владимировна қызымен бірге тұрып жатқан. Айтуынша, үй апаттық жағдайда болмаған. Олармен бірге тағы 4 отбасы 12 адам осы үйде тұрып жатқан.  Аяқастынан өрт шығып, тұрғындарды әбігерге салды.

Алёна Гладких, Циолковский 12/1 мекенжайының тұрғыны:

Үйіміздің төбесі мен едені толықтай жанып кетті. Асүй абдығы да жанып кетті. Жарықсыз қалдық. Техникаларымыз істей ме жоқ па, оны да білмейміз.

Өрт сөндірушілер үйден 3 газ баллонын сыртқа шығарған. Бүгін өткен баспасөз жиынында төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт себебі тұрғындардың абайсыздығынан деді. Балалардың ағаш мамықтарын жағып ойнауының арты үлкен өртке ұлсасқан

Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:

Бейнежазба бар. Куәлер де балалардың от қойып ойнап жүргенін растайды. Барлығының алдын-ала қорытыдысы бойынша оқиға балалардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы себебінне болып отыр. Материалдар полиция департаментіне тапсырылды.

16 орман, 45 дала өрті тіркелді

Қар кетіп көктем келгелі өңірімізде 16 орман өрті 45 дала өрті тіркелген. Елідмекендерде 203, саяжайларда 57 өрт оқиғасы тіркелген. Төтеншеліктер азаматтардың өрт қауіпсізді ережелір сақтауды сұрай келе шомылу маусымына дайындық жайлы да баяндады.

Қайрат Бертыбаев, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Шомылу маусымы қарсаңында реидтік жұмыстар күшейтілді. Өйткені, ауа райына байланыст шомылушылар болатыны белгілі. Ресми шомылу маусымы 1 маусым мен 31 тамыз аралығы болғанымен жергілікті атқарушы органдар өзен температурасына байланысты шешімдерді өздері қабылдайды.

Шомылу орындары ұлғайды

Биыл ресми шомылу орындары 42-ге дейін ұлғайтылды. Шомылу маусымына деп 110 млн теңге жуық қаражат бөлінген. Сонымен қатар, мектеп жанындағы лагерьлерге балаларды жүзуге үйренетін модульдік бассейндер сатып алынды.

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті
09:18, 6 шілде 2022
Шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...