ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

19:51, 12 мамыр 2022

Превенция басқармасының қызметкерлері облысымыздың мемлекеттік кірістер департаменті, көлік инспекциясы, көші-қон полициясы және ауылшаруашылығы департаментінің мамандарын АП-162/2 түзеу мекемесіне апарды. Онда экономикалық және сыбайлас жемқорлық жасап, сотталған азаматтардың тыныс-тіршілігі сөз болды. Кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлықпен күрес.

АП 162/2 түзеу мекемесінде экономикалық сыбайлас қылмыс  жасаған, жол ережелерін бұзған және мемлекет ақшасын жымқырған 300 адам жазасын өтеп жатыр. Жемқорлықпен күресетін мамандардың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында  пара алу дерегі төмендеді.

Назымбек Бекжанов, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы:

Ол болашақта жемқорлықты жеткізбеуге. Мынау келген азаматтар ертең өз жұмыс мекен жайына келіп, өзінің бірге істейтін азаматтарға айтады. Алдын алу жұмыстар бірнеше бағыт бойынша жасалады. Бірінші ол түсініктеме жұмыстар екінші тәуекел өткізуге. Ішкі және сыртқы тәуекелдер. Өткен жылы біз мынау сыртқы талдау жүргіздік. Инспекция маманыдары арасында сосын, ауылшаруашылық мекемелерінде. Осы себеппен осы қызметкерлері шақырып жатырмыз.

Заңға қарсы келетін әрбір іс әрекет ерте ме кешке  жауапсыз қалмайтыны сөзсіз.

Мұндағы жазасын өтеушілер минималды қауіпсіздік режимінде жазасын өтейді. Осы үрдіске 2021 жылдың тамыз айында ауыстырылды.  Тіпті күндізгі уақытта жұмысқа орналасып, ақша табуға мүмкіндіктері бар.

Айдар Айдарханов, АП-162/2 түзеу мекемесі бақылаушы қызметінің бөлім бастығы:

Жалпы мында 300 сотталған. 40 пайызы осы экономикалық қылмыс жасап сотталғандар. Ең көбі 5 жыл 7 ,8 жыл,12 жыл бар. Оның бабына сәйкес қой.

Түзету мекемесінде 25 нәзік жанды жазасын өтеп келеді. Олардың басым бөлігі экономикалық, мемлекет қаржысын жымқыру және жол көлік қозғаласын бұзған азаматшалар.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
20:49, 16 мамыр 2022
Бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...