ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Судан ажал құшқандар саны артуда

18:50, 30 маусым 2022

Елімізде суға кетіп, ажал құшқандар саны артып барады. Сол себепті шомылу маусымы басталғалы бері жағажайда құтқарушылармен қатар, «Вита» іздестіру жасағының еріктілері жұмыс істеп жатыр.

Жаздың аптап ыстығында адамдар бос уақытын су жағасында өткізуді жөн көреді. Бірақ олар онда қауіптіліктің де жоғары екенін біле бермейді. Сондықтан соңғы уақытта жазатайым оқиғалар көбейіп кетті. «Вита» іздеу жасағының 6 еріктісі күн сайын Павлодардың орталық жағажайында адамдарға көмекке келеді. 

Екатерина Кудрявцева, ерікті:

Өкінішке қарай, біз жаз мезгілі қалай өту керектігін ұмытып қалдық. Біз маусым басталғалы бері Ертіс жағасында жұмыс істейміз. Суға батып кеткен адамдарды іздейміз. Жағажайға келуіміздің бірден бір себебі - судағы өлімді қандай да бір жолмен азайту болды. Өйткені суға кетіп, қайтыс болғандар көбейді.

Мәселен, өткен жексенбіде еріктілер сегіз баланы іздеді. Ал жақында құтқарушы Қуаныш орталық жағажайда суға батып бара жатқан баланы аман алып қалды.

Екатерина Кудрявцева, ерікті:

Демалушыларға қауіпсіздік туралы жазылған парақшалар таратамыз. Балалардың ата-аналарымен әңгімелесеміз.

Еріктілердің сөзінше, сондай-ақ жағажайда ересектердің қарауынсыз жүрген 7 жастан 9 жасқа дейінгі балалар жиі кездеседі.

Екатерина Кудрявцева, ерікті:

Егер балалар жалғыз жүргендерін айтса, біз ата-аналарына хабарласып, ескертеміз. Ата-аналар жұмыста болғандықтан баласынан қайда, не істеп жүргенін біле бермейді. Бір ммысал айтайын: Ұл бала анасына класстастарымен бірге, мұғалімнің қарауымен бассейнге барамыз деген. Бірақ достарымен бірге жағажайға кетіп қалыпты. 

Ішімдік ішіп және қауіпті аумақтарға шомылатындардың қатары қалың. Судағы қауіпті деген иірім жерлерге белгі қойылғанымен жұрт онда шомылуды доғарар емес. Ескертуге құлақ аспағандар жаппай жазалануда. Құтқарушылар мен еріктілер жұртқа суға түсудегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Аяулым Рахымжанова, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...