ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті

09:18, 6 шілде 2022

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті. Соңғы бес жылда 34 адам ажал құшқан. Олардың қатарында балалар көп. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін төтеншеліктер жағажайларға кюар-кодтар қойып жатыр.

Онда шомылуға тыйым салынған учаскелер туралы толық ақпарат енгізілген. Судың тереңдігі, қай жерде ой-шұңқыр бары көрсетілген.

Тлекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:

Шомылуға тиым салынған жердерде белгілер орнатуда. Ол кюар-код белгілері. Басты мақсат - төтенше жағдайдың алдын алу. Ұялы телефонның камерасын осы кюар кодқа бағыттаса, осы жерде қандай тереңдік, қанша адам батып кеткені жайында ақпарат шығады.

Мамандардың мәліметінше, шаһар аумағында шомылуға қауіпті 25 орын бар. Қазір ол жерлерде рейдтік шаралар күшейтілді. 

Тлекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:

Шомылуға тыйым салынған белгілерін орнату жұмыстарының алдында біз өзіміз үшін талдау жасадық. Адамдардың көп қайғылы оқиғаларға түсетін жерлер. Мысалы, Усолка мөлтек ауданындағы оң жақ жағалауда орнатылған белгінің астында соңғы бес жылда жеті адам суға батып кетті. Осыған байланысты өзіміздің талдау жұмыстарымызды жасап, арнайы кьюар-кодтарды орнаттық.

Ертіс өңірінде шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кеткен. Олардың көбі-кәмелет жасына толмаған балалар. Сондықтан төтеншеліктен суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.


Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...