
Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып, токқа түсті.
Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған. Дәрігерлер оған III-IV дәрежелі яғни 50% күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған.
Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
2004 жылы туған азаматша бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімшесінде жатыр.