ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПОЙЫЗ БАСЫП КЕТКЕН АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

17:45, 1 наурыз 2021

Павлодар облысында пойыз басып кеткен адам мерт болды. Кеше Павлодар станциясындағы желілік полиция бөліміне Жолқұдық станциясындағы жүк пойызының машинисті теміржол өткелінен өтіп бара жатқан адамды белгіленбеген жерде басып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Нәтижесінде ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ернар Маманов, желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығының м.а.:

Бізбен үнемі теміржол қызметкерлерімен, ауыл әкімдіктерімен бірлесе отырып, профилактикалық-рейдтік іс шаралар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарымен жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап теміржолда белгіленбеген жерде өткені үшін 216 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Аяулым Рахымжанова

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...