ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА КӨЛІК ЖУУШЫ ӘЙЕЛ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ

18:13, 20 сәуір 2021

Павлодарда көлік жуушы әйел соққыға жығылды. Оны көлік жуу бекетінің әкімшісі ұрған. Ал әйел денесінің көгерген суреттері әлеуметтік желі арқылы жылдам тарап кетті. Қазіргі таңда аталмыш іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Жәбірленуші желіде жалақысын талап етем - деп таяқ жегенін жариялады. Мән-жайды көлік жуу орталығынан білдік. Ондағылар ол әйелдің жұмысқа удай мас күйінде келгенін айтты. Ал оқиға куәгерлері көлік жуушы әйелді ешкім ұрып соқпаған - деп отыр.

Елена , оқиға куәгері:

Оны  ешкім ұрған жоқ. Тек кассаға кірмек болғанда кеудесінен итеріп жіберді. Сосын сөмкесін де лақтырып жіберген. Ол сөмкеге емес, қайтадан кассаға жүгірді. Бірақ, ұрған жоқ ешкім. Қайта есікке дейін шығарып салмақ болды. Оның осы әрекетін полицейлерде көрді. Бірақ, ол әйел полицияның көлігіне де отырмай қарсыласты.  

Ал әйелдің өзіне телефон арқылы хабарласып көрдік. Кездесіп сұхбат беруден бас тартты. Мен артық ешнәрсе сұрамаймын. Тек ақшамды берсін,-дейді.

Қадиша Омарова, жәбірленуші:

Мен олардың кінәсін толық дәлелдей аламын. Бейнежазбада мені итеріп жібергендігі анық көрінеді. Иә, маған еңбек ақымды бермегендіктен сәл ішімдік ішіп келдім. Сонда, жұмыстан шығамын дегенде осылай ұру керек пе? Маған тиесілі берсін. Басқа ештеңе керек емес.

Аталған факті бойынша полиция іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болмақ.  Әріптестері оның ішімдікке әуес екенін айтты.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Жанжал кезінде әйелдің дене жарақатын алғаны анықталды. Күдікті қамауға алынды. Сараптама жасалды. Әзірге тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде желдей ескен суреттерден Хадиша Омарованың әбірленгенін көруге болады. Бірақ, бұл нақты осы оқиғадан кейінгі жарақат па?! Әзірге белгісіз.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Көлік жуу бекетінің әкімшілігі уақытша қамауға алынған. Ал, сотмедициналық сараптама қорытындысы бойынша жәбірленушіде жабық бас сүйек жарақаты, оң жақ жауырынының сынығы анықталған. Бүгінде 50 жастағы жапа шегуші үйінде амбулаторлық ем қабылдауда. Осы факті бойынша ҚР ҚК 107 бабы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...