ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Павлодарда екі жүк көлігі мен автокөлік соқтысып, өрт орын алған

21:31, 27 шілде 2021

Кеше, 26-шы шілде күні Павлодарда екі жүк көлігі мен бір жеңіл автокөлік соқтығысқан. Салдарынан екі көлік өртке оранған. Оқиға орнына төтеншеліктердің 18 қызметкері жұмылдырылған.

Павлолар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26-ші шілде күні сағат 17:57-де Успен көпірі аймағында өрт орын алған. Себебі, аталмыш тас жолда бірнеше көлік соқтығысқан.

Тлекжан Галямов, қалалық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары:

Жол көлік апаты салдарынан екі ауыр жүк көлігі өртенді. Ол Volvo және Mercedes жүк көліктері. Сондай-ақ, жол көлік апатына Honda жеңіл автокөлігі қатысты.  Салдарынан Volvo ауыр жүк көлігі мен Honda жеңіл көлігінің жүргізушілері Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, жалпы, ауданы 40 ш.м болатын 10 дана кабельдік катушкалар өртенген және ауданы 30 ш.м-ді құрайтын жанар-жағармай төгілген. Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасының себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқыс оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 18 адам жұмылдырылған.   

Мөлдір Бультекова, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Ер адам көшеде пышақпен жұрттың зәресін ұшырды
22:00, 8 қыркүйек 2021
Ер адам көшеде пышақпен жұрттың зәресін ұшырды
Толығырақ...
Сәтбаев атындағы ірі су арнасында өрт шықты
19:22, 31 тамыз 2021
Сәтбаев атындағы ірі су арнасында өрт шықты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...