ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨРТТЕН 4 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

19:55, 11 мамыр 2021

Демалдыс күндері Павлодарда екі өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Өрт туралы хабарлама 101 басқару пультіне 9-шы мамыр күні кешкі сағат 9-дар шамасында келіп түскен. Қазіргі таңда қызыл жалынның неден болғандығы анықталып жатыр.

101 басқару пультіне хабарлама түскен бетте оқиға орынына жеке құрамның 23 қызметкері мен 9 бірлік техника жіберілген. Қызыл жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Болжам бойынша тілсіз жау жатын бөлмеден басталыпты.

Мейрамбек Батырқұлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:                                                                                                                                                                                                                 

Өрт жатын бөлмеден шыққан. Салдарынан бөлмедегі киім-кешек мен жиһаздар жанып кеткен. Оқиға орынынан 4 адамның денесі табылды. 72 жастағы ер адам, 69 жастағы әйел адам және 30 жастағы әйел мен 3 жастағы қыз баланың мүрделері екендігі анықталды.

Көршілердің сөзінше, бұл отбасы аталмыш көп қабатты үйде пәтер жалдап тұрған. Көшіп келгендеріне де көп болмапты.

Әлия, қала тұрғыны:

Кешкі уақытта үйде отырғанбыз. Кенеттен біреу есік қаққандай болды. бірден түтіннің иісі сезіле бастады. Бірақ, біз даладан келіп тұр деп пайымдадық. Санаулы секундтардан кейін далаға шығыңдар деп айғайлаған дауыстар естіле бастады. Подъезд іші қою түтін болып тұрды. Бірінші қабаттан далаға жүгіріп шыққанша тұншығып қала жаздадық.

Естеріңізге сала кетейік, өрт салдарынан қаза тапқандардың 4-і де бір үйдің адамдары. Марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салу үшін туысқандары қала тұрғындарынан көмек сұраған. «Клуб добряков» қорының жарнамасынан кейін 7 млн-ға жуық қаражат жиналыпты.  

Асхат Құсдәулетов, «Клуб добряков» қоғамдық қорының төрағасы:

Осындай оқиғаның біздің қаламызда орын алғандығы өкінішті әрине. Ешкімге де оңай емес. Оқиғаның мәнісін айтып бізге Асхаттың анасы хабарласты. Төрт бірдей адамды ақтық сапарға шығарып салу үшін қаражат жинадық. Бұдан бөлек, бұл пәтер далдамалы болғандықтан соның шығындарын өтеп беремін деген азаматтар да болды. барлығына алғыс білдіреміз.

Оқиға орынында төтеншеліктер зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Сонымен қатар, демалыс күні екінші Павлодар аумағында орналасқан Сибирьская 85 мекенжайындағы үйдің 5-ші қабатынан өрт шыққан. Алдын-ала болжам бойынша қызыл жалын балконнан басталған көрінеді. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда сала мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Қылтиманы қапқан қызыл жалынды тұрғындар телефонға түсіріп үлгерген. Төтеншеліктер ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жалғыз басты кейуана тұрған көрінеді. Өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр. Темекі тұқылынан болуы мүмкін деген болжам бар.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...