ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨРТТЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

19:17, 1 ақпан 2021

Өткен демалыс күндері өңірімізде 7 өрт жағдайы тіркелді. Мәселен, қонақ үйлердің бірінде болған өрттен 200 ге жуық адам эвакуацияланды. Қызыл жалынның шығуына не себеп? Зардап шеккендер бар ма?

Кеше 21 сағат 03 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің "101" пультіне Павлодар қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына  № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары аттанған. Айтуларынша, 11 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында қоқыс жанып кеткен.

Айдын Қазыбеков, ТЖД дағдарыс жағдайындағы басқармасының бастығы:

Шақырылым орнына келгеннен кейін қонақ үй кешенінде 1-ші қабатта қоқыс шығару құбырында жалпы ауданы 10 шаршы метр қоқыс жанғаны анықталды. Өрт сөндірілді сағат 21 33минутта. Өрттің алдын ала себебі халықтың отпен абайсыз пайдалануы болды.

Өрт сөндірушілер  186 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Олардың ішінде 7 бала бар. Абырой болғанда адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 40 адам мен 10 бірлік техника жұмыс істеген. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ТЖ департаменті азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, осы қонақ үйде  ер адам лифт шахтасына түсіп кеткені жайлы өткен хабарымызда айтқан болатынбыз.

 

Гаухар Мұса

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮЙТКІГЕН ЖҮЙРІК ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ СОҒЫЛДЫ
20:45, 12 сәуір 2021
ЖҮЙТКІГЕН ЖҮЙРІК ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ СОҒЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...