ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ БАЛЫҚТАР ЖАППАЙ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР

12:16, 16 сәуір 2021

Павлодар облысында балықтар жаппай қырылып жатыр. Ертіс сағасында ғана емес, Баянауыл және Ақсу аймағындағы көлдерде де қызыл сумен бірге жағаға қалқып шыққан балық өлекселері табылды. Егжей-тегжейлі әріптесім Аяулым Рахымжанова айтып берсін.

Ленин кенті маңындағы көлдің жағасында өлген балықтар шашылып жатыр. Ішінде майда шабақтар да бар.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Бұл көлдің иесі жоқ. Жергілікті биліктің қарамағында. Жаппай балықтар қырылып жатыр. Тіпті жағаға шығып қалған. Шамамен 60-70 келі балық өлген. Су жәндігінің неден өлгені әзірге белгісіз. Оқиға орнында балық инспекциясының мамандары мен экологтар тексеріс жүргізіп жатыр.

Бүгін мамандар өлген балықтан сынама алып, оны зертханаға жөнелтті. Олар балықтың жаппай қырылуына оттегінің жетпеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтты. 

Болат Тұрсынханов, зертханашы:

Бұл бізде мөңке балық. Ол ұзақ уақыт бойын суда өлі жатқандықтан әзірге неден өлгені белгісіз. Потология белгілері анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша оттегі жетіспеуі мүмкін болған.

Сондай-ақ, облыстық экология департаментінің мамандары судан да сынама алды. 

Сәбит Маусымбаев, облыстық экология департаментінің бас маманы:

Облыстық экология департаменті хлоридттер, сульфаттар, биохимиялық тұтыну ауасы бойынша су сынамаларын алды. Бір аптаның ішінде экология департаменті ресми түрде нәтижелерін айтады.

Әлеуметтік желілерде халықтың тарапынан жазылып жатқан теріс пікерлерге жауапты мамандардың айтар өз шындығы бар.

Нұржан Қазтаев, «Зайсан-Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

Айтып өтейін, Тяпка көлі қызіргі уақытта бекітілмеген. Оның иесі жоқ. Әуесқойларға балық аулауға болады. 5 келіге дейін. Ешқандай рұқсатсыз. Төлемақысын төлемей-ақ.

Бұл балық өлекселері тіркелген алғашқы факті емес. Күні кеше Баянауыл ауданында 450 келі, ал Ақсу қаласына қарасты Қарасу көлінен 200 келі өлген балық жиналып, көмілген.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...