ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Оқушының анасы білім басқармасын сотқа берген

21:57, 24 мамыр 2022

Мына бір қызыққа қараңыз. Түлектің анасы соттың көмегімен бағалауды қайта қаратып, ұлының «Алтын белгі» атағына үміткер болу мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл ақпарат кешелі-бері әлеуметтік желіде желдей еседі.

Аталмыш оқиға осыдан тура 6 жыл бұрын орын алған. Негізінде оқушының анасы бұл әрекетке мектеп пен мұғалімді соттайын деп емес, тоқсандық бағаға көңілі толмағандықтан барған. Оқушы 6-шы сынып оқып жүрген кезде 6 бестік, 2 төрттік алған. Салдарынан тоқсандық бағасы «4» шығыпты. Негізінде ҚР БжҒМ бекіткен заңның №125 бұйрығына сәйкес мұғалім қойған баға қайта қарауға жатпайды. Сондықтан, сотқа жүгінуге тура келіпті.

Ғалия Рахматуллина, ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы:

2016-2017 оқу жылында есеп қате жүргізілгендіктен. Баланың бір жылдағы бағасы 4, бұл барлық 11 жылдық оқудағы жалғыз баға. Осы орайда анасы бұл баланың «Алтын белгіден» үміткер болуына кедергі болып отырғанын айтты. Әлеуметтік желіде мектепке сот тарапынан қысым жасалғаны талқыланып жатыр. Бұл олай емес. Өйткені сотта мектеп шығарған хаттамалық шешімді жарамсыз деп тану және жою туралы мәселе қаралды.

Әкімшілік сот құқықтық актілер туралы заң нормаларын қолдана отырып, жаңа заң адамның, мектеп бітірушісінің жағдайын жақсартатын болса, онда ол заңдық күшіне енгенге дейін орын алған қатынастарға қолданылуы мүмкін. Сот отырысына Білім және ғылым министрлігінің өкілі де арнайы қатысып, бағалауда қателіктер кеткендігін растады.

Ғалия Рахматуллина, ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы:

Бұл жағдайда тараптар медиативтік келісімге келді. Мектепте бағаларды қайта қарау керек. Дұрыс орташа арифметикалық есептеуді жасап, екі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шығатын бағаны қою шарт.

Қазіргі уақытта оқытушылар балалардың тоқсандық бағаларын өздері есептемейді. Бұл процесс әлдеқашан автоматтандаралған. Бүгінде заман талабына сай мектептерде «Күнделік» электронды журналы қолданылады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар