ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыс әкімдігіне келтірілген залал 2 млн теңгеден асты

13:38, 28 қаңтар 2022

Павлодарда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар облыс әкімдігінің ғимаратына 2 млн теңгеден астам шығын келтірді. Бұл туралы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов мәлімдеді.

Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және облыс әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау дерегі бойынша 3 қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі қамауға алынды.

Рашад Өтеуов, ПД бастығының орынбасары:

Бүлікшілердің қылмыстық әрекеттерінен обылс әкімдігіне екі миллион теңгеден астам залал келтірілген. Тәртіпсіздікке қатысушылар, бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қаза болғандар жоқ. Өңірде дүкендерді тонау, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау, тонау мен шағын және орта бизнеске зиян келтіру деректері тіркелмеді.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек,  рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

5 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті
22:51, 25 мамыр 2022
5 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті
Толығырақ...
Оқушының анасы білім басқармасын сотқа берген
21:57, 24 мамыр 2022
Оқушының анасы білім басқармасын сотқа берген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...