ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мысықтар індеті шықты ма?

15:09, 13 шілде 2021

Павлодарда мысықтар жаппай қырылып жатыр. Бұл жағдай үй жануарларын бағып отырған тұрғындарды шошытты. Ал, ветеринарлық станцияда павлодарлықтардан ешқандай шағым келмеді деп отыр. Сонымен, мысықтар індеті ме, әлде, жануарларды біреу әдейі улап жатыр ма?

Коронавирус елді есеңгіретіп жатқанда, енді мысықтар індеті шықты ма? Әлеуметтік желіде мысықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тарады.  Бірі нақтыланбаған панлейкопания десе, бірі жануарлардың улануы деп отыр. Осы ретте, жануарларды қорғаушы Мария Гребенкина бірнеше фактінің тіркелігінін хабарлады.

Мария Гребенкина, «Сердца Павлодара» АҚ басшысы:

Ветклиникалардың бірінің дәрігері хабарласты, мысықтар індетке шалдығып жатыр деді. Мен нақтылағанда, осы індет бойынша шағым көбейіп кетті. Бізге хабарласып жатты, біз жануарларды құтқаруға да үлгермедік. Енді үй жануарлары, мысық, иттердің жаппай қырылуы тіркеліп отыр. Сондықтан сараптама жасау керек. Нақты білетін боламыз.

Осы ретте, Мария Гребенкина үй жануарларына екпе салдыруға шақырды. Қаңғыбас жануарлардың тамақтандыру кезінде сақтық шараларын сақтаған абзал. Ал, ветеринарлық станцияның басшысы жануарлардың қырылуы бойынша шағым түспеді деп сендірді.

Серікбай Құрымбаев, Павлодар қалалық ветеринария станциясының басшысы:

Біздің ветеринарлық станцияға мысықтар жаппай өліп жатыр деген немесе оған ұқсас ешқандай шағым келіп түспеді. Тек әлеуметтік желіде екі мысық жол жиегінде жатқаны туралы ақпарат тарады. Індет туралы зертханалық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады.

Ветеринар мамандар, мысықтар арасында панлейкопения деген індеттің барын жоққа шығармады. Бұл жануардың асқазанының жұмыс істемеуімен ғана шектелуі мүмкін, бірақ вирустың адамдарға ешбір зияны жоқ екен. Ал мысықтардың қырылуы көбейсе, сараптама жүргізіліп, диагнозы анықталатын болады.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...