ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды

17:31, 4 тамыз 2022

Облыс орталығында жүргізуші куәлігінен айырылған көлік жүргізуші қала таксопарктердің бірінде жұмыс істеген. Заң бұзушыны полиция қызметкерлері «Заңсыз тасымалдаушы» алдын алу іс шарасы барысында анықтады.

Шілде айының басынан тамыздың аяғына дейін облыс аумағында «Заңсыз тасымалдаушы» жедел операциясы өтуде. Бұл күндері тәртіп сақшылары рейдттік шара ұйымдастырды. Соның барысында 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай ол өткен жылы алкогольді ішімдік ішіп рөлді басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. 
Арман Қаптаев,  қалалық ПБ бастығының орынбасары:
Павлодар қаласында Назарбаев даңғылығында бойынша бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ВАЗ маркалы автокөлікті басқарған 33 жастағы такси жүргізушісі ұсталған болатын. Ер адам Павлодар қаласының таксопарктің бірінде такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Осыған қатысты осы таксопарктерге қалай жұмысқа қабылдап түскені бойынша тексеріс жүргізіледі.
Ұсталған азамат 10 тәулікке  қамауға алынды.Жалпы, Павлодар қаласында жыл басынан құжатсыз, көлік айдаған 136 заң бұзушы анықталды.
Арман Қаптаев,  қалалық ПБ бастығының орынбасары:

Осы жылдың басынан бастап 136 бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған анықталған болатын. Заңсыз тасымалдаушы алдын алу шарасы барысында облыс бойынша полиция қызметкерлерімен такси және қоғамдық көлік жүргізушілері жасалған 850 анықталған болатын.
Қауіпсіздік белбеуін тақпаған, көлік жүргізіп ұялы телефонмен сөйлескен 131 қоғамдық көлік және такси жүргізушілері жазаланды. Жол үстінде апатты жағдай жасағаны үшін 8 такси жүргізушілеріне әкімшілік кодекстің бабына сәйкес айыппұл салынды. Акция тамыз айының аяғына дейін жалғасады.

Әйгерім Тоқпанқызы
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...