ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ КЕЛЕҢСІЗДІК

20:27, 15 наурыз 2021

Әлеуметтік желіде қоғамдық көліктің ішінде болған жағдай желдей еседі. Жылдам таралған бейне жазбадан кондуктор мен жолаушының жанжалын көруге болады. Дөрекілікке бой алдырған қоғамдық көлік қызметкері зейнеткерді автобустан шығарып жіберген. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса, №1 автобус кондукторы мен зейнеткер арасындағы жанжал әлеуметтік желілерде жария етілген болатын. Анық болғандай, зейнеткердің қолында зейнет кітапшасы болмағанымен, ол жол ақысын толық көлемде төлеуден бас тартыпты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру қорытындысы бойынша кондукторға қоғамдық орында дөрекі әрекет жасағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Алексендр Панченко, «Павлодар автокомбинаты» ЖШС басшысы:

Мен кондукторды жақтап тұрған жоқпын. Бірақ, ол заңнамаға сәйкес жолаушыдан зейнеткерлігін дәлелдейтін құжатын сұраған. Ал, жолаушы ханым құжат көрсетуден бас тартыпты. Кейін екеуінің арасында жанжал туындаған. Біз істің мән-жайын анықтауға тырыстық. Қажетті куәлігі болмаған соң кондуктор оны көліктен шығарып жіберген. Ал, ол келесі автобуста тағы да мінез көрсеткен.  

Сондай-ақ, «Павлодар автокомбинаты» ЖШС кондукторы тарапынан орын алған ұсақ бұзақылық жасаудың осы фактісі бойынша материал ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...