ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТЫ МЕНШІКТЕП АЛҒАН

18:36, 30 наурыз 2021

Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағындағы, мемлекет тарапынан қорғалатын Біржан көлін жергілікті кәсіпкер меншіктеп алған. Шаруа қожалығы аумақта мыңдаған малын жайып отыр. Ұлттық парк өкілдері кәсіпкердің әрекеті заңға қайшы екендігін айтады. Көл жағасына қора салып, қожалық еткен аудандық мәслихат хатшысының баласы, сол себепті жергілікті билік бұған көз жұмып отыр деп ашыңған ауыл тұрғындары аудан әкімшілігінен қайыр таппаған соң, облыс әкімдігіне хат жолдады.

Төрт түлікті асырап, күн көріп отырған Біржанкөл ауылының тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Былтыр елді-мекенде қора салып, шаруашылығын бастаған кәсіпкер ауылдың жайылма жерлерін рәсімдеп алыпты. Жерді қайтару керектігін талап еткен тұрғындар, жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырып келеді.

Қанағат Сансызбаев, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Ферма салып отыр. 200 бас қара малы бар, 800 бас қойы бар. Сондықтан біздің ауылға жайылым болмай қалды. Алдында Нацпарктің директоры болды, жердің бастығы болды. Қазір мәслихат депутаты дейді.

Біржанкөл ауылында бар-жоғы 20-ға тарта түтін қалған. Елді-мекенде мал шаруашылығынан басқа жұмыс жоқ.

Жаңбырбай Жұмаділов, Біржанкөл ауылының тұрғыны:

Бүкіл ауылдың малдарына жер тарылды. Ешкім ешкіммен санаспайды бізде. Осы дауға әкелген соның арқасы. Мына көлдің бәрін ластап. Мынау лесхоздың көлі. Әне балықшылар жүр.

Шаруашылық көлден 600 метр жерде тұр. Мемлекетпен қорғалатын көлдің маңында мал өлекселері жатыр. Ұлттық табиғи парк инспекторлары кәсіпкерге бірнеше мәрте ескерту жасаған. Тіпті айыппұл да салынған. Бірақ еш нәтиже жоқ.

Мейрамбек Асқаров, «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

Малға да жайылым жоқ. Біздің де жұмысымызға бөгет болды. Сол кісі үшін еңбегімізді алты айға қиып тастады. Көлді қарамайсындар, неге ескертпедіндер деп. Ескертпе қағаз түсірдік.

Ауыл әкімі кәсіпкердің әрекетін дұрыс деп санайды. Бос жатқан жерді тұрғындар өздері пайдаланбады-дейді. 

Самат Ыбырайұлы, Құндыкөл ауылының әкімі:

Осы уақытқа дейін бос жатқан жер еді. Әр адам, кез-келген адам жер ала алды. Бірақ ешкім алған жоқ. Бос жатты.

Заң бойынша, мемлекет тарапынан ерекше қорғалатын аумақтан екі шақырым жерде құрылыс жүргізуге рұқсат етіледі.

Сүйіндік Ахметжанов,  Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры:

Ол заңсыз. Қазіргі уақытта буферный зонадан 500-800 метр.

Шаруа қожалықтың басшысы жерді заңды түрде алғанын айтады. Енді істің ақ қарасын сот шешсін деп отыр.

Аспандияр Мүбәрәк, шаруа қожалығының иесі:

Жеңілсек, әрине соттың шешімі болса, ол кезде не істеймін? Шырылдап, еңбегімме салған үй мен базымды басқа жерге көшіруге міндетті боламын.

Ұлттық парк Біржанкөл маңындағы шаруашылық иеленіп отырған жерді қайтарып алу үшін сотқа құжат әзірлеп жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова

 

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...