ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ЖЕЛГЕ ҰШТЫ

20:12, 31 наурыз 2021

Қазынаның миллиондаған қаржысына салынған Баянауылдағы Мырзашоқы тау шаңғы кешені мен әуежай қаңырап бос тұр. Халық игілігі үшін деген ұранмен салынып, ақыры аяқсыз қалған өңірде бұндай ондаған жоба бар. Бір қызығы мемлекет қаржысына салынған нысандар бастапқыда кәсіпкерлердің сенімді басқаруына беріліп, кейін жекеменшікке өтіп кетуде.

Жеке кәсіпкерден Баянауыл әуежайының тек ғимаратын сатып алу үшін бюджеттің  240 млн. теңгесі жұмсалды. Сырты қоршалып, 1200 метрлік ұшу алаңы жасалды. Оған кеткен қаржы тағы бар. Бірақ бұл жерден ұшақтардың әуеге көтерілуі аса қауіпті екен. Мемлекеттік комиссия тыйым салды. Құзырлы мекемеден рұқсат алмай, бюджет қаржысын далаға шашқан ауданның экс-әкімі сотталды. Ал, қазіргі басшылық енді ипподром ашуға бел буған.

Қанат Кәрімов, Баянауыл ауданының әкімі:  

Обал ғой енді. Демеушіні таптық. Ол дайын. Ат үстіне мінуге үйретеміз. Қымызхана ашады,қымыз жасайтын жер болады ма? Жалпы, ұлттық  ат ойындарының орталығы болады.

Осылайша тасын қозғасан, тарихы төгілетін Баянауылға жұрт ұшақпен келсе, туризм түлейді деген идея құр қиял күйінде қалды. Қысқы спортты қаржыландырып, туристер санын көбейтуге арналған жоба да нәтиже бермеді. Мырзашоқыдағы тау шаңғы кешені. 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп салынған нысан қыс бойы жұмыс істемеген. Себебі, тау бөктеріне қар тоқтамайды. Сәл жел тұрса болды, үрлеп кетеді. Ағаш түгіл тікенек өспейтін болғандықтан бұл аумақ “Тақыр тау” атанып кеткен. Боранды күндері ықтасын жерге ғана қар үйріледі. Соны пайдаланып сырғанақ салғандар омақаса құлаған.

Аманкелді Мақаров, Мырзашоқы тау шаңғы кешенінің жауапты қызметкері:

Жалпы, бұл жерде қар жоқ қой. Және астында  топырақта ұсақ-ұсақ тастар бар. Бұл инвентардың бәрін құртады. Ұсақ тас бірденеге тіреліп қалса, онда адам құлайды, травма алады,бір жерлерін жарақаттайды. Биыл ашылған жоқ енді.

Нысанды сенімгерлік басқаруына алған кәсіпкер енді қып қызыл шығынға батып отыр. Ол жасанды қар төсейтін техника сатып алған. Бірақ Тақыр таудың табанынан тамшы су шықпады.

Нұрлан Есембаев, облыстық спорт және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

Мырзашоқы жобасы тоқтап тұр ғой. Оны алған кәсіпкер жасанды қар жасайын деп төңіректен құдық қазған. Су шықпай қойды. 2022 жылы бюджет бекітсе су құбырын тартатын болған.

Яғни, екі шақырым жердегі Қаражар ауылынан су тарту керек. Бірақ кәсіпкерде күдік бар. Жентектеліп жасалатын мұз қабыршағын жел үрлеп кетпесіне кім кепіл-дейді. Себебі, тау бедеріне қар тоқтату үшін қойған қалқандарды қатты жел ұшырып әкеткен.

 

Аяулым Рахымжанова

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...