ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАСАҚАНА ӨРТ ҚОЙҒАН ТҰРҒЫНҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

18:42, 11 наурыз 2021

Өзгеге тиесілі «Ниссан цефиро» автокөлігін өртеп жіберген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Мәлімет бойынша жеңіл көлікті жағып жіберген адам өз кінәсін толық мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келген.

№2 қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша келтірілген шығын көлемі 1 107 597 теңге. Мемлекеттік айыптаушы сотталуышыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасын сұраған. Айыпталушы кінәсін мойындап, ісіне өкінентін ескеріп сот оны 3 жыл 6 ай мерзімге пробациялық бақылауды белгілей отырып, бостандықты шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Жәбірленуші тараптың талабы қанағаттанып, жоғарыда айтылған мөлшерде шығынын қайтаруға міндетті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Гаухар Мұса

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...