ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН МАЛ ИЕСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

18:23, 10 наурыз 2021

Қараусыз жүрген мал иесі жауапқа тартылды. Демалыс күндері Тереңкөл аудандық полиция бөлімшесіне Ивановка ауылы маңындағы автожолдың 20 шақырымында жылқылардың жайылып жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Пірі Қамбар ата саналатын жануарлардың жол үстінде жүргенін тұрғындар бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Тәртіп сақшылары жөн-жосықсыз жүрген мал иесін анықтады. Құқық қорғау қызметі саласы мамандарының ақпараты бойынша мал иесі мен табыншының арасында келісім болған. Алайда бақташы жануарды қараусыз жібере салған. 

Жанар Белялова, ПД ресми өкілі:

Жылқылар жолға шығып, тәуліктің қараңғы уақытында жолда төтенше жағдай туғызды, осылайша жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төнді. Табын иесіне қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы 408-бабының 1-бөлімі және  615-бабының 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылды.

Айтып өтейік, жыл басынан бері 600 бас қараусыз жүрген мал айып тұрағына қойылып, иелері әкімшілік жауапқа тартылған.

 

Гауһар Мұса

 

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...