ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛҚЫЛАР ЖОЛ БОЙЫНДА ҚАРАУСЫЗ ЖҮР

20:15, 6 сәуір 2021

Жылқыларды қараусыз жіберген мал иесі анықталды. Әлеуметтік желілерде Кенжекөл ауылының маңында жылқылар көлік қозғалысына кедергі келтірген видео таралды. Аталмыш оқиға полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Алма Мұсабекова, ПД баспасөз қызметінің маманы:

Осы факт бойынша жылқылардың иесі  анықталды. Ол 66 жастағы Кенжекөл ауылының тұрғыны. Қазіргі танда, ол әкімшілік кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген 1000 аса мал айып тұрағына қамауға алынған болатын. Бүгінде Павлодар облысында 145 айып тұрағы жұмыс істейді. Еске сала кетейік, 3 сәуір күні Павлодар облысындағы «Екібастұз-2-Екібастұз-Северный» темір жолы аралығында жолда мал жайылуына қатысты оқыс жағдай орын алды. Пойыз астында қалған жылқылардың иесі жауапқа тартылды.

Айдана Жұмагелдіқызы


 

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...