
Облыс орталығында қаңғыбас иттер көбеюде. Жергілікті тұрғындар бұл мәселеге алаңдаулы. Иесіз иттер қала маңындағы ауылдарда да көбейген.
Татьяна Сүлейменова қала маңындағы Жаңааауыл елдімекенінің тұрғыны. Оның үйіндегі құстарына қаңғыбас ит шабуылдап, бірнешеуін жарақаттап кеткен. Жыртқышқа айналған иттер адамға да қауіп төндіруде дейді ол.
Татьяна Сүлейменова, Жаңаауыл ауылының тұрғыны:
Қаңғыбас иттер адамға да, құстарға да, жануарларға да қауіп төндіруде. Бұл мәселеге барлығымыз жіті назар аударуымыз керек. Иттер емін еркін ауылдарды аралап жүреді. Еркін жүру қиындап кетті.
Жыл басынан бері иттердің адамдарға шапқан 8 фактісі тіркелген. Қала тұрғындары да бұндай жағдайдың көп екендігін растап отыр.
Бүгінде ит ұстаудың да ережесі бар. Жеке тұрғынүйдің иелері иттердінің қашып кетуіне жол бермеу керек. Жеке ғимараттағылардың кіре берісінде иттің бар екендігі туралы ескерту болуы керек. Иттерді алып жүрге болайтын жерлер де бар. Олар: Аулалар мен ойын алаңдары, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің аулалары. Сондай-ақ, емдеу-профилактикалық, денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондар мен саябақтарта иттер мен мысықтарды серуендетуге тыйым салынған. Иелері иттерді қоғамдық орындарда қарғыбаусыз және тұмсықсыз алып жүрмеуі керек. Жалпы, жыл басынан бері иттер мен мысықтарды серуендету ережесін бұзған 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко