ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЕРТІС ОРМАНЫ» РЕЗЕРВАТЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

18:20, 19 сәуір 2021

Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» резерватының Шалдай филиалы аумағында өрт шықты. Хабарлама 101 басқару пультіне кеше 13 сағат 34 минутта келіп үскен. Алдын ала болжам бойынша, құрғақ шөп пен ағаштар жанған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Мұны арнайы сараптамалық топ мүшелері анықтайтын болады.

«Ертіс орманы» резерватындағы өрттің аумағы шамамен 1200 гектарға жетті. Оның 300 гектары резерват аумағына тиесілі. Мамандардың сөзінше, тілсіз жау Галкин ауылы маңынан басталған. Себеп салдары белгісіз. Адамдардың салғырттығынан болуы да мүмкін деген болжам бар.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіледі. Шыққан жері қазіргі таңда анықталып жатыр. Галкинский сельский округтен Ертіс орман шаруашылығын екеуінің территориясында. Бұл инспекция басшылығымен біздің қызметкер, полиция және басқа да жергілікті атқарушы билік өкілдері кіріп, анықталады. Материалдар бойынша ішкі істер органдарына беріледі. Қазіргі уақытта себебі анықталған жоқ.

Өртті ауыздықтауға барлығы 206 адам мен 50 бірлік  техника жұмылдырылды. Бұдан басқа, сағат 16:30-да Павлодар облысы ТЖД-нан өрт сөндіруге көмек көрсету үшін қосымша 7  техника  мен жеке құрамның 24 қызметкерінен тұратын колонна  жұмыс істеді  Павлодар қаласынан қосымша техника жіберілді. Сонымен қатар, МИ-2 әуеборты да қызыл жалынмен алысқан.

Рустам Төлебаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясының басшысы:

Жалпы өрттің аумағы 1200 гектарды құрап отыр. оның ішінде мемлекеттік орман жерлерінің құрамы 300га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 30 га. Сол 30 гектардың ішіндегі верховой дейді. Жоғары жақпен өткен өрттің көлемі 1,5 га. Өртенген ағаштардың барлығы қарағай. Бұл жерде қарағай өсетінін өздеріңіз де білесіздер.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жаудың жылдам таралуына секундына 25 метрге дейін соққан жел де әсер етіп отыр. Қазіргі таңда өрт ауыздықталды. Бірақ, ара-арасында шоғырланған өрт өзегі бар,-дейді мамандар.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

Кеше түнде өзіміз болдық. Ешқандай жануарлар ақпарат келіп түскен жоқ. Енді, Ертіс орманының ішінде қандай аңдар бар екенін мен дұрыс білмеймін. Бірақ, айта кететін жағдай. Әлеуметтік желіде ақпарат шықты крики животных слышаны деген. Сондай инфо таратылды. Ол жөнінде сіздер білесіздер Ертіс орманының Ырғыз-Торғай резерватқа ешқандай қатысы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс орманы» табиғи резерваты аумағында жыл сайын өрт оқиғасы тіркеліп тұрады. Былтырғы жылғы дерек бойынша 1500 га аумақ өртке оранған. Биылғы жыл қалай болатыны белгісіз,-дейді мамандар. Бұдан бөлек, Павлодар электролиз зауыты маңындағы құрғақ шөптің жанғандығын айта кеткен жөн. Оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және бір техника қызмет етті.

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...