ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛІКТІ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ТАЛАП ТАСТАДЫ

18:44, 11 наурыз 2021

Бүгін түңгі сағат 3-00-де 102 басқару пультіне Естай көшесі 28-ші үй маңында қаңғыбас иттер елікке шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мен облыстық техникалық инспекция мамандары бейнебақылау камералары арқылы оқиғаның мән-жайына қанығады.

Киелі жануар шаһарға Ертіс өзенінің жайылмасынан келгендігі анықталды. Бақылау камераларындағы бейне жазбада қаңғыбас иттердің елікті талап жатқандығын анық көруге болады.

Ғалым Сарғұлов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

Оқиға түнгі сағат 3-тер шамасында болған. Естай 28 мекен жайына жедел жеткен сала мамандары еліктің өлі денесін тапты. Тексере келе еліктің өзен жайылымынан келгендігі анықталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша полиция департаменті Облыстың ветеринария басқармасына қаңғыбас иттерді аулау бойынша жұмыс жүргізу туралы хат жолдады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...