ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Экономикалық қылмыс жасағандар сотталды

17:55, 22 маусым 2022

Павлодар қаласының №2 сотында ірі Экономикалық қылмысқа қатысы бар 10 күдікті сотталды. Қылмыстық топ 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін салық төлемеген коммерциялық ұйымдарға тауарларды нақты жеткізусіз жалған шот-фактуралар шығарған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы-Балғожинов. Олардың заңсыз қызметінен 5 триллион теңгеден аса залал келтірілді. Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сыбайлас болған  төрт қатысушысы 5 жылдан 6 жылға дейін  бас бостандығынан айырылды. Қалған бес қатысушысы 3 жылдан 5 жылға дейін темір тордың ар жағында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енді.

Әнуарбек Оспанов,  Павлодар қаласы №2 сотының судьясы:

Жаза тағайындау кезінде сот келесі жағдайларды ескерді: Балғожинов, Жинқобаев, Матвиенко, Овчар әрекеттерінде осы қылмысты жасауда белсенді рөл атқарғаны белгілі болды. Осы тұлғалар жоспар құрып, барлық  әрекеттерді ұйымдастырған. Сот  олардың бұл заңсыз әрекеттерін ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бірақ қылмыстарына байланысты олар түрлі мерзімде жазасын өтейді.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті
09:18, 6 шілде 2022
Шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға кетті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...