
Өңірде балалардың терезеден құлау фактілері жиілеп кетті. Екібастұз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 3 жасар бала құлап кетті. Қазір жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ, Ақсу қаласында бесінші қабаттан құлап кеткен алты жастағы баланың жағдайы ауыр. Жеткіншек санавиациямен дереу Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады. Осы ретте полицейлер ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Аяулым Рахымжанова