ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

17:47, 4 шілде 2022

Екі адамды өлтірген күдікті ұсталды. Қайғылы жағдай Тереңкөл ауданының Береговое ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, 3 шілде күні сағат түнгі 2-лер шамасында Мир көшесіндегі жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар денелері табылды.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, ол бөлмелердің біріне  тығылып қалған. Аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Аталған қылмысты тергеумен Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...