ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БҰҚА ИЕСІН МЕРТ ҚЫЛДЫ

19:34, 13 қыркүйек 2019

Ақсу аймағына қарасты Ақжол ауылында бұқа өз иесін сүзіп өлтірген. Оқыс оқиға 11-ші қыркүйек күні Ақсу ауылдық аймағына қарасты Ақжол ауылында орын алды. Қатты соққының әсерінен 62 жастағы қария көз жұмған.

11-қыркүйек күні таңғы сағат 8-00-де Ақсу қалалық ішкі істер баспармасына бұқа қашып кетті деген хабарлама келіп түскен. 62 жастағы қария бұқаны бордақыда ұстаған көрінеді. Әкесінің қан-жоса болған денесін ұлы ауыл шетінен тапқан. Бірақ, ол тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. Ал, келіні Иринаның айтуынша оқиғаның қалай болғанын ешкім көрмеген.

Ирина Давальченко, келіні:

Біз әлі күнге дейін сенбейміз. Маған хабарласып, оқыс оқиға болды деген кезде не істерімді білмей қалдым. Одан осылай айырылып қаламыз деп ойлаған жоқпыз. Әлі сенбейміз.

Ауылдастарының айтуынша иесі бұл бұқаны ешқашан сыртқа шығармаған. Байлауда тұрған бұқа босай сала бірден далаға қашты деген болжам бар.  Оқиға орнындағы дүбір әңгімеге сенетін болсақ, марқұмдың денесінде сау жер қалмаған көрінеді.

Светлана Қайсаринова, ауыл тұрғыны:

Артынан кеп соққан дей ма бұқасы кеп. Аж, прям, нетіп тастапты. Беттен-бет жоқ, сүйретіпті дейді, біраз кішкене. Бала кеп өзі тауып алған ғой деймін әкесін.

 Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Полиция департаменті мамандарының сөзінше, өңірде бұрын соңды мұндай оқиға тіркелмеген.

Жанна Біләлова, полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

Бұқа иесі алған жарақаттарының әсерінен оқиға орынында жан тапсырған. Қазіргі уақытта бұл іс туралы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайтыс болған адам 1957 жылы туған. Жұмыссыз. Ұлымен бірге тұрады.

Қайтыс болған қария жақында ғана 62 жасқа толған. Ал, иесін өлтірген бұқадан қан алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...