
Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Сәби ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған.
Ирина Орсагош, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Қазір бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр. Балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған. Қазір ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер сәбиді аман алып қалу үшін барлығын жасап жатыр.