ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Балықшы батып кете жаздады

12:10, 11 қараша 2021

Павлодарда балықшы батып кете жаздады. Құтқарушылар келгенге дейін мұз астына түсіп кеткен балықшыны бұтақтың көмегімен басқа балықшы ұстап тұрған. Облыстық ТЖД мәліметінше, Усолка өзенінің шаңғы базасы ауданында балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама 112 пультіне таңғы 9-дар шамасында түскен. Оқиға орнына дереу Павлодар облысы департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 адам мен 1 техника жіберілді.

Ерлан Қасымов, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:


Құтқарушылардың күнделікті ескертуіне қарамастан, мұз астынан балық аулауға әуес балықшылар өз өмірлерін қатерге тігуді жалғастыруда. ТЖД тұрғындарға жұқа мұзда болған кездегі қауіпсіздік ережелері туралы тағы еске салады. Жұқа қатпаған мұзға шықпаңыз. Мұздың беріктігін аяқпен тексеруге болмайды. Мас күйінде мұзға шығуға болмайды. 
Айдынға шығу үшін мұздың қалыңығы 7 сантиметрден артық болса жеткілікті деген тұжырым бар. Алайда, бұл асығыс шешім. Мұз айдынында балықшының қолында ұзындығы 15-20 метрлік жіп болуы керек. Ол жіптің бас жағында ілмек, екінші жағында 200 ден 400 граммға дейін жүк байланған болуы шарт. Сондай-ақ балықшыларға бір жерге топтанып отыруға болмайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...