ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Балалардың терезеден құлау оқиғасы жиілеп кетті

15:02, 13 шілде 2021

Шаһарымызда балалардың терезеден құлау жағдайы жиілеп кетті. Осыған орай жауапты мамамандар профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ата-аналардан баларын қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

2019 жылы дүниеге келген ұл бала Естай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен құлап түсті. Абырой болғанда бала аман қалды. Қазір травматология бөлімінде емделіп жатыр.

Бибігүл Қамзина, ПД ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

Оқыс оқиғаның себептерін анықтау барысында  анасының түскі ас дайындап жатқаны анықталды.  Екі бүлдіршін бөлмеде ойнап отырған.  Анасы ас бөлмесінде жүрген сәтте, баласы терезеден құлап кеткен.  Қуанышқа орай, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

ПД өкілдерімен, облыс және аудан әкімдерімен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Алайда мамандар ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды көзден таса қалдырмауларын сұрайды.

Бибігүл Қамзина, ПД ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

Бүгінгі күні мемлекеттік органдармен профилактикалық іс-шаралар, яғни  жадынамаларды тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Мен ата-аналардан балаларды бір сәтте бақылаусыз қалдырмауларын сұраймын. Әсіресе ерезедері ашық бөлмелерде.

Өткен жылы  балалардың қабатты үйлердің терезелерінен  бес бала, ал, биыл жыл басынан тоғыз  бала  құлап кеткен. Өкінішке қарай,  алған жарақатынан екеуі қаза тапты.

 

Әсем Бекмұрза

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...