ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АВТОБУС ПЕН ЖЕҢІЛ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

20:43, 23 ақпан 2021

Кеше Ақсу қаласының полициясына Астана сауда үйінің маңында жол-көлік оқиғасы болды деген хабарлама келіп түскен. Әлеуметтік желілерде жаряланған бейнеден қоғамдық көліктің тоқтамай артқа жүріп бара жатқанын көруге болады.

Астана көшесіндегі аялдамадан жылжи бастаған автобустан ақау шығып, ол артқа жүре бастаған. Салдарынан ол артында тұрған Kia Rio жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Автобус тоқтай алмай жолдың жиегіне бірақ шыққанын тұрғындар смартфондарына түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған. Айтып өтейік, қоғамдық көліктің ішінде 3 жолаушы, ал жеңіл көлікте 2 адам болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ дейді тәртіп сақшылары.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Қуанышқа орай жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус қала бойынша жолаушыларды тасымалдайтын  ЖШС біріне тиесілі. Осы оқиғаға байланысты ҚР ӘҚБ кодексінің 610 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

 Гауһар Мұса

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...