
Бүгін, ақпан айының 25-ші жұлдызында сағат таңғы 8-дер шамасында 112 басқару пультіне Ақсу қаласында тұрғын үйдың өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. От төрт бөлмелі үйдің 80 шаршы метрін шарпыған. Қызыл жалын сағат 10:16-да оқшауланып, сағат 11.00-де толық ауыздықталды.
Қызыл жалынды сөндіру барысында 1997 жылғы өртсөндіруші қызмет үстінде қаза болды. №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлап, Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:
Анықталғандай марқұм өткен жылдың жазында ғана отбасын құрған. Бір үйдің жалғыз баласы. Артында жары мен ата-анасы қалды. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарған екен. Сонымен қатар, 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.
Зұлқарнай Ермұратұлы