ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

АДАМ ҰРЛАМАҚ БОЛҒАНДАР СОТТАЛДЫ

11:02, 27 наурыз 2020

Адам ұрлап, ақша бопсаламақ болған кәсіпкер мен оның жұмыскері ұзақ мерзімге сотталды. Жарты жылға созылған сот процесінде айыпталушының бірі 13 жылға, екіншісі 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға өткен жылдың 18-қыркүйегінде болған. 61 жастағы әйелді үйінің жанында белгісіз біреулер машинаға күштеп салып, алып кетпек болған. Әйтсе де, сол кезде жәбірленуші қарақшылардың қолынан сытылып кетеді. Кейін екі күдікті қолға түсті. Тергеу кезінде белгілі болғандай, әлде бір компанияның басшысы банкке қарыз 360 млн теңгесін өтеу үшін, өзінің күзетшісімен бірлесіп адам ұрламақ болады және де ол әйелден 200 млн теңге бопсаламақ екен. Жымысқы әрекеттері жүзеге аспай қалды. Жарты жылға созылған сот процесінен кейін судья үкім шығарып, қарақшылықты ұйымдастырған кәсіпкерді 13 жылға, ал оның жұмыскерін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Және де жәбірленушіге біреуі 4 млн, екіншісі екі млн теңге моралдық шығын төлейтін болады.

Қадырбек Сатабаев, Павлодардағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:   

Сот Тезекбаевты 13 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Ал, Меломановты сот 11 жылға бас бостандығынан айырды. Және ол да жазасын қауіпсіздігі аса жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...