ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

810 гектар аумақта орман өртенді

11:02, 10 қараша 2021

Өңірдегі орманның өртенуіне не себеп? Көктем айынан бастап бүгінге дейін облыста 114 орман өрті тіркелді. Жалпы жалын 810 гектар аумақты шарпыды. Материалдық шығын шамамен 95 млн теңгені құрады.

Руслан Төлепбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Өрттің басым бөлігі немесе 67 жағдайы найзағай түсу салдарынан орын алды. 31-і белгісіз себептермен шықты. Кінәләлер анықталған жоқ. Ормандағы 12 жағдай даланың жаныуынан өртенді.

Осы өрттің алдын алу үшін, яғни жауапты органды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету қажет. Инспекция басшысының сөзінше, бірнеше жыл бойы өрт қауіпсіздігі бекеттерін салу мен пилотсыз ұшу құрылғыларын бөлуді мемлекеттік органдардан сұрап жатқанын айтты. Мұндай бекеттердің 17-сі қажет.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...