ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

76 өрт жағдайы тіркелді

21:16, 11 мамыр 2022

Өткен демалыс күндері аймақ бойынша 76 өрт жағдайы тіркелді. Төтенше жағдай қызметкерлері Қайырбаев көшесі 90 үйдің төртінші қабатындағы пәтерден 1964 жылы туған ер азаматты құтқарды.

Қайырбаев көшесі 90 мекен жайында  тоғыз қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өрт шыққан. Бір бөлмелі пәтерде 5 шаршы метр жерді  қызыл жалын шарпыған. Құтқарушылар оқиға орнынан 1964 жылы туған ер азаматты құтқарып алды.

Тілекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:

Өрт орнынан 1964 жылы туған үй иесі ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қалыпты. Диагнозы ауыр күйдегі газбен уланған.  Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнында арнайы өрт техникалық сараптама өткізіліп жатыр. Ал пәтер ішінде  ішілген ішімдік немесе темекі тұқылдары табылмады. 

Қазіргі уақытта жәбірленуші  жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы бір қалыпты дейді дәрігерлер. Өрттің шығу себебі анықталуда. Сондай-ақ, сол күні тәңертеңгі он жарымда Катаев көшесі 9 мекен жайында жеңіл автокөлік өртенді. Белгілі болғандай тілсіз жау бензин буынан шықты.

Тілекжан Галямов,  ТЖБ бастығының орынбасары:

Жүк салғыш салонында өрт сөндірушілер 20 литрліктен құрайтын 3 конистрді жерге алып қойды. Өрттің шығу себебі бензин буынының шығуы.

Оқиға орнында  жеке құрамнан 5 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 15 минут ішінде сөндірілді.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Көлік жүргізуші  құқығынан айырылған азамат ұсталды
17:31, 4 тамыз 2022
Көлік жүргізуші құқығынан айырылған азамат ұсталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар