ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

40 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

14:27, 25 наурыз 2020

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Ағымдағы жылдың 16-шы наурызынан бастап, ел көлемінде ТЖ режимі енгізілген болатын. Осыған байланысты барлық сауда нүктелері, ойын-сайық орталықтарының барлығы қызметін уақытша тоқтатқан болатын. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері мереке күндері рейдтік шара барысында 40 әкімшілік заң бұзушылықты анықтап отыр.

Иә, төтенше жағдай режимі облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 40 рет бұзылған. Оның 20-сына қатысты сот шешімі шықты. Ал, 9 мекеменің басшысы ҚР ӘҚБК-нің 476 бабына сәйкес 5 тәулікке қамауға алынды.

Жанар Белялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Олардың 4-іне 10 АЕК көлемінде айыппұл салында. Ал, қалған кәсіпкерлерге тек ескерту жасалды. Рейдтік, мониторингтік жұмыстар жалғасын табады. Барлық жағдайды біз бақылауда ұстайтын боламыз. 

Бұдан бөлек тағы 20 іс қаралу үстінде. Жауапқа тартылғандардың дені ойын-сауық орталықтары. Сонымен қатар, бұл тізімде азық-түлік дүкендері де бар. Тексеру жұмыстары төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғаспақ.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...