
Май ауданында заңсыз балық аулағандар ұсталды.
Олар 400 мың теңгеден астам сомаға залал келтірген. 280 келі балық тәркіленіп, тоңазытқыш камерасына қойылды.
Бекзада Бөлежанов, Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінің бастығы:
Полиция қызметкерлері «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «ВАЗ 21043» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышында жалпы салмағы 280 келі болатын 11 қап балық тиелген. Жүргізуші мен жолаушыда жүкке рұқсат құжаттары болмаған. Осылайша, жалпы сомасы 428550 теңгеге материалдық залал келтірді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, автокөлік айып тұрағына орналастырылды.
Аяулым Рахымжанова