ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

10 АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

19:00, 29 наурыз 2021

Павлодар облысының тасжолында 10 автокөлік соқтығысты. Салдарынан зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді.

Бүгін Ленинск-Ертіс тасжолының 19 шақырымында жаппай жол апаты орын алды. Ребровка ауылының маңында 7 автокөлік пен 3 «Камаз» жүк көлігі соқтығысқан. Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, алты адам зардап шекті. Төрт науқас түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға, ал 5 жастағы бала әжесімен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

Олардың диагнозы бойынша, бас-миының шайқалуы және бастың жабық жарақатына байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетілген болатын. Олардың бәрі амбулаторлық емдеуге жіберілген болатын.  1963 жылғы азаматша қазіргі таңда бірінші қалалық ауруханасына жатқызылған болатын. Бірнеше жарақаттарға байланысты травмотология бөліміне жатқызылған. 2015 жылғы ұл бала облыстық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Амбулаториылқ емдеуге жіберілген болатын.

Естеріңізге саламыз, ауа райының күрт бұзылуы салдарынан Павлодар облысында барлық бағытта жолдар жабылды. Республикалық маңызы бар тасжолдарға шығуға рұқсат жоқ. Алайда тұрғындар бұл ескертулерге құлақ аспай отыр.

Асхат Кәкімов, төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы:

Республикалық маңызы бар автамобиль жолдардың екі учаскесінде жолдар көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Бұл учаскелер Павлодар-Успенка- РФ шекарасына дейін, Ленинск-Ертіс, РФ шекарасына дейін. Облыстық маңызы бар автомобиль жодарының 10 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды. Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Жазатайым оқиғалар болдырмау үшін, сіздерден елді-мекендерден тыс жерге шықпауларыңызды сұраймыз. 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
18:54, 2 маусым 2021
Екібастұз маңында автобус жылқымен соқтығысты
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
22:14, 31 мамыр 2021
ПАВЛОДАРДА АНАСЫ 10 АЙЛЫҚ СӘБИІН АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...