
Павлодарда сарбаздар 1 млн теңгеден астам ақша ұрлаған азаматты ұстады. Күдікті Бұхар жырау көшесі бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген сарбаздарды көре сала бірден жалт бұрылып, тұра қашқан. Дегенмен сақшылар оны тез арада ұстап алып, жергілікті полицияның учаскелік пунктіне жеткізді.
Бағдат Амангелді, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі басшысы:
Ұлттық ұлан сақшыларының кезекті қаладағы қоғамдық тәртіпті күзету барысында ұстаған қос бірдей азамат ҚР ҚК 190-бабының 1-тармағы бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Соның бірі полицияның әчаскелік пунктінде тексеру барысында 1 млн теңгеден астам ақша жымқырғаны үшін іздеуде жүргені анықталды.
Аяулым Рахымжанова