ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ -2021»

19:14, 19 қаңтар 2021

Павлодарда жыл мұғалімі анықталады. Қалалық кезеңге қатысуға 30-дан аса педагог ниет білдірген. Ұстаздар қандай талаптар бойынша бақтарын сынайды және облыстық кезеңге қанша адам жолдама ала алады? Самал Қалиқызы айтсын.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші Павлодардың үздік ұстазы анықталып жатыр.  8-ші 14-ші қаңтар аралығында   байқаудың алғашқы кезеңі өтті. Конкурста 32 мұғалім бағын сынауға ниет білдірген. Олар байқау шарты бойынша алдын ала портфолио мен эсселерін жіберіпті.  

Гүлзат Айтжанова, білім беру бөлімінің әдіскері:

Байқаудың ережелері бойынша біз портфолио мен эсселерді қарастырамыз. Әділ-қазылар өздері тексеріп, таңдайды, ұпай қояды. Осылайша бәріне екінші кезеңде зум арқылы бақ сынауға мүмкіндік береміз.

Ал, бүгін конкурстың екінші кезеңі басталды. «Педагогикалық тәжірибенің панорамасы» атты кезең 18,19 қаңтар күндері  зум платформасы арқылы өтеді. Бұл пич-презентация деп аталады. Мұғалімдер аталмыш турда педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік  алады.

Гүлзат Айтжанова, білім беру бөлімінің әдіскері:

Аталмыш  байқау жылда ұйымдастырылады. Бірақ биыл пандемияға байланысты форматы өзгертілді. Қашықтықтан өтіп жатыр. Бірақ бұл ұстаздардың тәжірибесін, білімін көрсетуге еш кедергі келтірмейді.

Қатысушылардың арасында бастауыш сынып мұғалімдері, тарих, қазақ тілі, биология, орыс тілі мен әдебиеті, химия, математика пәндерінің мұғалімдері бар. Үшінші  кезеңге 10-нан аса педагог таңдалады. Одан сүрінбей өткен 5 мұғалім облысқа жолдама алады. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...