ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жоғары оқу орнының білім сапасы

19:33, 11 маусым 2021

Павлодардағы жоғары оқу орындардың бірінде 200-ден аса шетелдік студент білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі Монғолия, Қытай елдерінен. Таңдаған мамандықтары энергетика және инженерлік бағытты қамтиды.

Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде 7 факультетте қазір 8 мыңнан аса студент білім алады. Биылдан бастап жаңа жаңа факультет ашылып оған оқуға құжаттар қабылдана бастайды.  «Компьютер Сайнс» факультетінде түрлі траекторияда білім алуға болады.

Нұрлан Ержанов, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ төрағасы, ректордың м.а:

Киберқауіпсіздік, бағдарламалық инженерия, вебжасау, графика, зияткерлік технология, робототехника, интернет  бағыттарында білім алуға болады. Сондай-ақ, бұдан былай университетте жаңа шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылданады. Вокалдық және актерлық өнер мамандықтары да ашылады. Қазіргі заманның қажеттілігіне орай әзірленген.

Университеттің  студенттері үшін үшінші жатақхана салынып жатыр. 600 орындық нысан биыл оқу жылы қарсаңында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл барлық қажеттілікті жабады деп сендірді университет ректоры.

Нұрлан Ержанов, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ төрағасы, ректордың м.а:

2020-2021 жылдары ақылы білім алу сомасы бакалавриат 360-390 мың теңге, магистратура 415 мың теңге, ал докторантура 1 млн  307 мың теңгені құрайды.

«Мықты Жоғары оқу орны –мықты өңір» жобасы аясында  университетте шағын иннавациялық аймақ жұмыс істейді. Оның аумағында 12 жоба жүзеге асырылып жатыр

Нұрлан Ержанов, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ төрағасы, ректордың м.а:

Биыл біздің университетте  238 студент білім алады. Олардың басым бөлігі Монғолия, қытай, Ресей, Германия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Ауғаныстан, Эстония елдерінен, 64 шетелдік тыңдаушы фаундэйшн дайындық факультетіне қатысады.

Шетелдік студенттердің басым бөлігі экономика және инженерлік мамандықтарда білім алады екен.

 Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
22:40, 8 маусым 2021
Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
Толығырақ...
Қаламыздағы №36  мектеп 1000 еуро ұтып алды
18:04, 4 маусым 2021
Қаламыздағы №36 мектеп 1000 еуро ұтып алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...