ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жоғары оқу орнының білім сапасы

11:53, 8 маусым 2021

Павлодардағы жоғары оқу орындардың бірінде студенттерге арналған жатақхана құрылысы биыл аяқталмайды. Оны университеттің ректоры айтты. Басшысының сөзінше, мердігер ұйымда қаржымен мәселе туындаған.

Облыста педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының бірінде 5 мыңға жуық студент білім алады. Олардың 52 пайызы мемлекеттік грант иегерлері. Оқу орнында штатта 758 адам жұмыс жасайды. Ғылыми мәртебелік көрсеткіші 50 пайыздан асады.

Жанбол Жилбаев,  университет ректоры:

Университетте 7 ғимарат бар. Оның ішінде 847 орынға арналған  жатақхана бар, 550 арналған жаңа құрылысы басталды. 6 спорзал, 3 ашық алаң. Бассейн бар.

Жақында университетте жаңа кешеннің құрылысы басталмақ. Қазір жер телімі таңдалып жатыр. Ал, құрылысы биыл аяқталуы керек 550 орындық жатақхана пайдалануға берілмейтін көрінеді. Себебі мердігерде қаржымен мәселе туындаған. Жоба құны 1 млрд 200 миллион теңгені құрайды. Жұмыстардың әзірге30 пайызы ғана аяқталды.

Жанбол Жилбаев,  университет ректоры:

Жаңа жатақхананың құрылыс өкінішке орай биыл тапсырылуы тиіс еді. Құрылысшылар мәселелер бар деді. Жылдың аяғына дейін шешеді. Сосын бітіреміз деп.

Сонымен қатар, бұдан былай жоғары оқу орындарының дипломдары  өздері жасаған үлгі бойынша беріледі.   

Жанбол Жилбаев,  университет ректоры:

2020 жылдан мемлекеттік университеттер заңды статусын өзгертті. Онда дипломның өз үлгісі шығырылуы керек. Біз арнайы топ құрдық, дизайны жасалды. Оны қорғап шықтық. Банкнотты фабрикада шығаруды жөн санадық. Оларда қорғау деңгейі жоғары.   

Бүгінде жоғары оқу орнының 45 студенті Латвия, Чехия, Болгария, Малайзия елдерінде оқып жатыр. Университет аймақта мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге тырысады. Бұл бағытта облыс әкімдігімен жоғары оқу орны арнайы меморандумға қол қойған. 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
22:22, 30 шілде 2021
Облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Толығырақ...
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
15:32, 28 шілде 2021
Павлодарлық оқушылар күміс медальға ие болды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...